Ұстаздар күні мерекесі
3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен –Жетіжал орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Фазилова Алма Тулегеновна марапатталды. Сондай-ақ, Педагог қызметкерлер кәсіподақ ұйымының арнайы марапатына –Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Фазилов Қуаныш Санатович ие болды.