09
September
2025
Отбасы күніне арналған іс-шара
Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің оқушылары мен ұстаздар қауымы ауылымыздың құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Шаймерденов Арынғазы Жұмаханұлы мен оның жары Сабырбаева Роза Нұрлыбайқызын 50 жыл бірге өмір сүріп келе жатқан өнегелі отбасылары үшін арнайы құттықтап қайтты.
Бұл кездесу оқушыларға үлгі боларлықтай жылы жүздесу болды. Ұстаздар мен оқушылар құттықтау тілектерін білдіріп,естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
Сонымен қатар, шара барысында Қарттар күніне орай ақ жаулықты ана мен ардақты ақсақалға құрмет көрсетіліп, ұзақ ғұмыр, денсаулық, отбасылық амандық тілегін жеткізді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақ бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет,отбасы құндылықтарын сіңіруге бағытталған.