ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!! » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!!
06
April
2021

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!!

2021 жылғы 29 наурызында Көксу ауданында короновирус жұқпасына қарсы иммундау жұмыстары Мұқаншы округінде жалғасын тапты.Ауданға вакцинаның 300 дозасы әкелінді. Алғашқы кезекте халықтың ең осал топтарына жататын медицина қызметкерлері мен ұстаздарға Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакцинасымен екпе жүргізілуде. Иммундау  басталған бері мектебіміздің 7 ұстазы, 4 қызметкері екпемен қамтылды. Covid -19 жұқпасына екпе екі мәрте жасалынады, аралығы 21 күнді қамтиды, осы екі вакцинаны бірдей алған адамда мықты иммунитет қалыптасады.Екпе алуға келген пациент  дәрігердің толыққанды тексеруінен өтіп,  екпеге рұқсат алады,  және де вакцина туралы  толық мағлұмат беріледі. Екпе алғаннан кейін 30 минут арнайы бөлмеде медицина қызметкерінің  бақылауында болады.Екпе ерікті түрде жасалынады, пациент екпе алмастан бұрын ақпараттық  келісімге  қол қояды. Вакцинациядан кейін  әр пациентке келесі екпені алу күні жазылған және де екпеден кейін орын алатын  белгілер мен ондай жағдайда қолданылатын ұсыныстар туралы түсіндіру ақпараты беріледі. Сондай-ақ учаскелік дәрігердің және  Call орталықтың телефондары көрсетілген. 
Екпемен қамтылған  әр пациент өзін және қоршаған қоғамды короновирус жұқпасынан сақтайтынын ескертеміз!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив