20
August
2024
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
20 тамыз күні Жетіжал орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға келген ұстаздарымыз тілек-ниеттерін білдіріп, өз көмектерін берді. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Акция барысында мектебіміздің түлегі Нұрзадан Қуатбек оқушыларға портфель, мектепке керек оқу құрал- жабдықтарымен көмек көрсетті. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары оқушыларымызға керекті киім –кешек, құрал – жабдықтармен көмектесті. Акция әлі де өз жалғасын табуда.