Our achievements » Страница 14 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Спорт жетістігі
06
October
2021
Спорт жетістігі
Ұлағатты ұстаз Асқаров Сапарбек Байтайұлын еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан өткен турнирде "Best қорғаушы" номинациясымен Серікқызы Назерке марапатталды. Турнирде белсенділік танытқаны үшін Серікқызы Күнай мен Нұрадин Ақмарал алғыс хатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!! Тренері: Тлеуов И.К.
Спорт жетістігі
06
October
2021
Спорт жетістігі
Ұлағатты ұстаз Асқаров Сапарбек Байтайұлын еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан өткен турнирде жүлделі I орынды жеңіп алғаны үшін "Жетіжал қыздар командасы" дипломмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!! Команда тренері: Тлеуов И.К.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
01
September
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Білім беру саласын дамытуда қосқан зор үлесі,  өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Жетіжал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мусахметова Гулзира Ахылбековна ҚР Білім және ғылым министірінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
01
September
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
1-қыркүйек Білім күні мерекесі қарсаңында Республикалық олимпиаданың бірнеше кезеңдерінен сүрінбей өтіп, қорытынды мәреде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқушымыз Жекебай Тілектің ата-анасына Көксу аудандық білім бөлімінің атынан алғыс хаты тапсырылды.Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
31
August
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 24-27 тамыз күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларын  өткізді. Almaty region атынан 6 оқушы бақтарын сынады. Нәтижесінде Жамбыл ауданы, Ұзынағаш орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сәли Аружан ІІ орын, Көксу ауданы Жетіжал және Жамбыл орта мектептерінің оқушылары Жекебай Тілек пен Аманбек Айжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
13
August
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақстан Республикасының  "Спорт күні" кәсіби мерекесі қарсаңында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сагимов Санжар Қайратұлы аудан әкімінің  алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық "Best инновациялық сабақ" байқауы
29
May
2021
Аудандық "Best инновациялық сабақ" байқауы
Аудандық "Best инновациялық сабақ" байқауында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жүмәділлә Гүлжанат Сарыбайқызы І дәрежелі дипломмен, математика пәні мұғалімі Әбшайыхова Мадина Төлепбергенқызы алғыс хатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" республикалық конкурсының аудандық (сырттай) кезеңі
27
May
2021
Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде"
Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" республикалық конкурсының аудандық (сырттай) кезеңінде 7-сынып оқушысы Тұрсынбек Аяулым ІІ орынды иеленсе , 4-сынып оқушысы Құдайберген Кәусар жүлделі І орынды иеленді.Жетекші мұғалімдер: Абек Д., Садыбаева А.Б. Шын жүректен құттықтаймыз!!!