Our achievements » Страница 2 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Қуанышты жаңалық!
21
November
2025
Қуанышты жаңалық!
Химия және биология пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасының қорытындысы бойынша Жетіжал орта мектебінің биология пәні мұғалімі Данабекова Айгүл Дарынбекқызы жүлделі I орын иеленді!  Бұл – ұстазымыздың кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің нәтижесі.   Білім мен еңбек – табыстың кілті!  Құттықтаймыз!    Жетістіктеріңіз жалғасын таба берсін!    Мақтанышымызсыз! #ЖетістікЖолы   #БиологияПәні   #ҰстазМақтанышы   #ЖетіжалМектебі   #ДарындыҰстаз
Аудандық пән мұғалімдері олимпиадасының нәтижесі қуантты!
20
November
2025
Аудандық пән мұғалімдері олимпиадасының нәтижесі қуантты!
Аудандық пән мұғалімдері олимпиадасының нәтижесі қуантты!   Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Аубек Алтынай аудандық олимпиадада I орын иеленіп, өз кәсібилігін тағы бір мәрте дәлелдеді.   Құттықтаймыз!    Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!   #ҰстазМақтанышы #МектепЖетістігі #ЖетіжалМектебі #МатематикаМұғалімі #АлтынайАубек
Аудандық пән мұғалімдері арасындағы олимпиаданың қорытындысы
19
November
2025
Аудандық пән мұғалімдері арасындағы олимпиаданың қорытындысы
 Аудандық пән мұғалімдері арасындағы олимпиаданың қорытындысы бойынша тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!  Физика пәнінен өткен олимпиадада мектебіміздің мұғалімі Батыл Ердос жоғары білім мен кәсіби шеберлігін көрсетіп, III орын иеленді.  Құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен жаңа жетістіктер тілейміз! #ЖетіжалМектебі   #ФизикаПәні   #ҰстазЖеңісі   #БілімБәсекесі   #АудандықОлимпиада
"Ауыл олимпиадасы - 2025" жеңімпаздары
10
November
2025
"Ауыл олимпиадасы - 2025" жеңімпаздары
  Жетістіктің жарқын көрінісі! Жетіжал орта мектебінің білімді де алғыр оқушылары облыстық олимпиадада топ жарып, мектебіміздің мерейін үстем етті!    Құттықтаймыз!    Жетістіктеріңіз көп болсын!   #ЖетіжалМақтанышы #Олимпиада2025 #БілімБәйгесі #ЖеңісҚадамы #Мақтанышымыз @koksu_bilim @zhetysu_centr @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi @kuzbaev.kuat
Қуанышты жаңалық!
05
November
2025
Қуанышты жаңалық!
Жетіжал орта мектебінің кітапханашысы Исмагилова Гульжанат Зекеновна қажырлы еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін ”Еңбек адамы”медалімен марапатталды!   Бұл – жылдар бойы жас ұрпақты рухани байлыққа баулыған жанға берілген зор құрмет.    Құтты болсын, еңбегіңіз жана берсін!   #ЕңбекАдамы  
«Алтын тұғыр»математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңі
04
November
2025
«Алтын тұғыр»математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңі
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр»математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін мектебіміздің ұстазы Нурсалхан Заурегул II дәрежелі дипломмен марапатталды! Ұстаздың терең білімі мен математикаға деген сүйіспеншілігі осы жетістікке жетелеуде.   Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!   #АлтынТұғыр2025 #ҰстазМақтанышы #ЖетістікЖолы
Халықаралық деңгейдегі ЖЕҢІС!
03
November
2025
Халықаралық деңгейдегі ЖЕҢІС!
 Көксу ауданы, Жетіжал орта мектебінің мақтанышы — «Қызғалдақ» ансамблі Халықаралық «Ғұмырдария» өнер байқауында «Дәстүрлі ән»жанры бойынша өнер көрсетіп, лауреат атанды!*  Ұлттық өнерді ұлықтап, әсем әнімен тыңдарманын тәнті еткен ансамбль II дәрежелі дипломмен марапатталды.  Ансамбльдің шығармашылық жетістігі — жетекшісі Айкүміс Оразбайқызының табанды еңбегінің жемісі.  Өнеріміз өрге жүзсін! Құттықтаймыз!    #ЖетіжалЖетістігі #ҚызғалдақАнсамблі #Гумырдария2025 #ҰлттықМақтаныш
”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында футзалдан өткен аудандық жарыс
29
October
2025
”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында
 ”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында футзалдан өткен аудандық жарыста Жетіжал орта мектебінің командасы жүлделі III орынды жеңіп алды!    Жеңіске деген жігері мен бірлігінің арқасында көзге түскен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!  
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
10
October
2025
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
7-8 сынып қыздары арасында “Ұлттық мектеп лигасы” бойынша кіші футболдан өткен аудандық жарыста Жетіжал мектебінің командасы 3-орынды жеңіп алды! Ойын барысында намысты қолдан бермей, шеберлік пен ұйымшылдық танытқан жас футболшыларымызды құттықтаймыз!  Бұл – тек бастамасы. Алда бұдан да биік белестер бар екеніне сенеміз! Жарайсыңдар, қыздар!  #Жетіжал #ҰлттықМектепЛигасы #кішіФутбол #ЖеңісСәті #АуданЖарысы @koksu_bilim @kuzbaev.kuat @zhetysu_centr @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi
Жетістіктер алаңы
09
October
2025
Жетістіктер алаңы
Аудан оқушылары арасында өткен “Ұлттық мектеп лигасы”аясындағы 5–6 сынып қыздар арасындағы кіші футбол жарысында Жетіжал орта мектебінің қыздар командасы жүлделі III орынды иеленді! Жеңіс – еңбектің, бірліктің және табандылықтың жемісі!   Қыздарымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!   #ҰлттықМектепЛигасы   #КішіФутбол   #ЖетіжалМектебі   #ЖеңіспенОралды @koksu_bilim @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi @kuzbaev.kuat