17
декабрь
2024
Тәуелсіздік — Тұтастықтың символы, еркіндіктің белгісі!
16 желтоқсан — Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күн. Бұл күні біздің ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырып, жаңа тарихи кезең басталды. Еліміздің дербестігі мен егемендігі жолындағы күрес ешқашан ұмытылмайды.
Тәуелсіздік күні — болашаққа сеніммен қарап, бірлік пен татулықта бірге болуға шақырады. Қазір біздің қолымызда Тәуелсіз Қазақстанды әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің бірі ету мүмкіндігі бар. Бұл — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз, Отанға деген махаббатымыз бен адалдығымыздың айқын көрінісі.
Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің болашағы жарқын, ұрпақтарымыздың армандары орындалып, Қазақстан әлем сахнасында абыройлы орынға ие болсын!