Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті
24
декабрь
2024

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады.
«Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді.
Мерекелік шара флешмоб биімен басталды. Мұнан соң экранда ел Президентінің фотосы мен балаларды Жаңа жылмен құттықтауы көрсетілді.
Балаларға құттықтау тілегін жеткізген облыс әкімі:
- Жаңа жыл көңілге қуаныш, жүрекке үміт сыйлайтын, игі арман-тілектер еселенетін мереке. Сондықтан әрқашан армандарың асқақ, алар асуларың биік болсын дегім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев  өздеріңді ыстық ықыласпен құттықтап, жақсы тілегін білдіруде. Мен өз замандастарының ішінде мол білімімен, жарқын өнерімен алда жүретін жетісулық бүлдіршіндердің болашақта ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өсетіндігіне сенімім мол, - деді ол.
Бұдан әрі шырша шамы жағылып, облыс әкімі балалармен бірге шыршаны айналып, қуаныштарын бөлісті. Балаларға Президенттің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар, атап айтқанда планшет, рюкзак, жаңа жылдық тәттілер, құттықтау хатын тапсырды.
Түрлі өнер ұжымдары, аниматорлар, колундар, ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері мерекелік қойылымдарын көрсетті. Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәтті дәмдер ұсынылды.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив