Аудандық Абай оқуларының қорытындысы-2020 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық Абай оқуларының қорытындысы-2020
08
сентябрь
2020

Аудандық Абай оқуларының қорытындысы-2020

Аудандық Абай оқуларының қорытындысы-2020
2020 жылдың 19 маусымы күні ауданның мектеп оқушылары арасында ХХІ аудандық Абай оқулары онлайн форматында өтілді. Республикалық Абай оқуларының 2019 жылғы ережесіне сәйкес Абай оқулары 6 бөлім бойынша ұйымдастырылды.  Ұлы ақынының 175 жылдық мерей тойы аталып өтіліп жатқан жылы  жазғы демалыс мауысмы  болса да ауданның оқушылары  қатысуға  ерекше  белсенділік танытты. Жыл сайын дәстүрлі өтетін білім мен өнер, дарындылық байқауында білім бөлімінің қазылар алқасы  оқушыларды ереже талаптарына сай әр бөлім бойынша бағалап, дайындық деңгейлері мен шығармашылық қабілеттерін  саралай келе  оқулар қорытындысын шығарды.
Аудандық Абай оқуларының қорытындысы бойынша алты бөлімнің келесі жеңімпаздары анықталды
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының саны мен жаттау сапасына, мәнерлеп оқуына  байланысты бағалады.
І орын – Жетіжал орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ашкейқызы Айзада (116 өлең , 2 поэма)
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қарасөздерін толық білуі, саны  бойынша бағаланды.
І орын - Жетіжал орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жекебай Тілек 
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.  Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланды. 
ІІІ орын - Жетіжал орта мектебінің 8-сынып оқушысы Аким Бауыржан
4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды.
 ІІІ орын - Жетіжал орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жақан Бақытгүл
 Аудандық Абай оқуларының алты бөлімінің  бірінші орын иегерлері шілде айында өтілетін облыстық Абай оқуларына аудан атынынан қатысады.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив