23
сентябрь
2022
"Мектепішілік ата-аналар жиналысы"
23.09.2022ж. Жетіжал орта мектебінің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес "Мектепішілік ата-аналар жиналысы" өткізілді. Ата-аналар жиналысының форматы бұрынғыдан өзгеше өткені ата-аналар мен ұстаздарды қуантты. Ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірігіп, (электронды шылым шегудің алдын-алу, мектеп формасы, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзышылықтың алдын-алу, оқушылардың көлік жүргізу фактілері, ұрлық жасау фактілерінің алдын-алу, ұялы телефон пайдалану тәртібі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оқушылар арасындағы әлімжеттік, мектеп қабырғасында ақша жинауға қатаң тыйым салу) т.б. тақырыптарында сөз қозғалып, ой бөлісті. Сондай - ақ мектеп директорына жеке қабылдау бойынша сұрақтары бар ата-аналарға қанағаттанарлық жауап берілді. Ата-аналар жиналысы барысында мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарына қуаныш сыйлады.