📑 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📑 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
23
октябрь
2023

📑 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 
республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 12 қазандағы №307 «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес 9-11 (12) сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
- бірінші кезең – 2023 жылғы 30 қарашаға дейін;
- екінші кезең – 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін бір мезгілде;
- үшінші кезең – 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін бір мезгілде.
  Ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңі 2023 жылдың қараша айының соңына дейін, екінші (іріктеу) кезеңі 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өткізіледі. Олимпиаданың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде «Дарын» 
РҒПО-ға олимпиаданың үшінші кезеңі жүлдегерлерінің тізімі және бірінші, екінші және үшінші кезеңдерді өткізу қорытындылары туралы есептер мен ауылдық мектептер үшін Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінің жүлдегерлерінің тізімі ұсынылуы қажет.
 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасы жаратылыстану-математикалық бағытта: математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағытта: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі және әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша өтеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив