22
декабрь
2023
«Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы
Жетісу облысы әкімдігі тарапынан мемлекеттік, қоғамдық істерге белсене араласып, әр салада жарқырай көрінген жастарды ынталандыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті.
Көшбасшы атанғандардың қатарында ауданымыздың атынан қатысып, топ жарып шыққан Жетіжал орта мектебінің директоры Нұрғалиев Әділет Қайратұлы “Білім және ғылым саласының үздік жас көшбасшысы” номинациясының иегері атанды.











