Биылғы жылы мектеп бітіру кештерінде тек аттестат табыс ету рәсімі
Мектеп, кафе, мейрамханаларда мерекелік дастархан жауып, аниматорлар, автокөліктер жалдап салтанатты шаралар өткізуге тыйым салынады. Мектеп бітірушілерге салтанатты түрде аттестат табыс ету 12-14 маусымда екі нысанда өткізіледі. Біріншісі, мектеп түлектеріне аттестат табыс ету салтанатты шарасын қатысушылардың санын шектей отырып таза ауада өткізу. Немесе, әр сыныпта жеке сынып сағаттарын өткізіп, мектеп бітірушілерге аттестат табыс ету. Шараларды өткізу кезінде санитарлық нормалар сақталады.