Іс-шаралар » Страница 66 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жалпыадамзаттық құндылықтар" күніне орай іс-шаралар өтті.
22
ноябрь
2019
"Жалпыадамзаттық құндылықтар" күніне орай іс-шаралар өтті.
23-қарашада аталып өтетін "Жалпыадамзаттық құндылықтар" күніне орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өтті. Атап айтсақ, сынып сағаттары, танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер, ата-аналармен жиналыстар. 
"Абайдың мұрасы - қазақтың асыл қазынасы" атты поэзия кеші өтті
14
ноябрь
2019
"Абайдың мұрасы - қазақтың асыл қазынасы" атты поэзия кеші өтті
14.11 күні Жетіжал орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абайдың мұрасы-қазақтың асыл қазынасы" атты поэзия кеші ұйымдастырылып өтті. аталған іс-шараға 1-10 сынып оқушылары толық қатысты. Балдырғандар Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, ақынның өмірбаяны бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Осындай дарынды оқушыларымыз көбейе берсін.
"Берекелі алтын күз" атты бастауыш сыныптар арасында мереке өтті.
12
ноябрь
2019
"Берекелі алтын күз" атты бастауыш сыныптар арасында мереке өтті.
12.11 күні Жетіжал орта мектебінде "Берекелі алтын күз" атты бастауыш сыныптар арасында мерекелік іс-шара болып өтті. Бүлдіршіндер сары алтынға боялып, тақпақтар айтып, ән айтып, би биледі. Кішкентай балдырғандарымыздың киген киімдері мен айтқан өлең шумақтары мерекеміздің сәніне айналды. Кештің "Күз аруы" болып ең кішкентай бүлдіршін қызымыз Әзімжан Іңкәр атанды. Барлық келген ата-аналар мен қонақтарға мерекелік іс-шарамыз қатты ұнап, көңілдерінен шықты.
"Берекелі алтын күз" атты мерекелік іс-шара
08
ноябрь
2019
"Берекелі алтын күз" атты мерекелік іс-шара
Қараша айының 8 күні Жетіжал орта мектебінде 5-10 сыныптар арасында "Берекелі алтын күз" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар 5 кезеңнен тұратын бағдарламаға сай дайындалып, өз өнерлері мен қиялдарын ортаға салды. Күз мезгіліне сай киінген сары алтынға оранған ұл қыздарымыз мерекенің сәні болды. Сонымен қатар оқушылар күзгі дәнді дақылдар мен жеміс-жидек, көкөністерден жасалған көрме ұсынды. Аталған іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар мен оқушыларды қуанышқа бөледі.
Бастауыш сыныптар арасында өткен "Зерде" зияткерлік сайысы
07
ноябрь
2019
Бастауыш сыныптар арасында өткен "Зерде" зияткерлік сайысы
Мектебімізде қараша айының басында 3-4 сынып оқушылары арасында "Зерде" зияткерлік сайысы болып өтті. Екі топқа бөлініп, оқушылар әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындады. Барлық кезеңдер бойынша оқушылар өз білімдерін сынап білгендерін ортаға салды. Сынып жетекшілері Кушбаева Батима Идрисовна және Садыбаева Анар Билисбековна оқушыларына демеу бола білді. Сайыс жоғары деңгейде өтті. оқушылар марапатталып, мақтау сөздерге ие болды.
"Мақал - сөздің мәйегі" атты 1-сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өтті
06
ноябрь
2019
"Мақал - сөздің мәйегі" атты 1-сынып оқушыларымен сыныптан тыс
Қараша айының 6 күні Жетіжал орта мектебінің 1-сынып оқушыларымен "Мақал- сөздің мәйегі" атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Аталған шараның 1 кезеңінде оқушылар әр түрлі тақырыпта берілген мақал-мәтелдер жаттап жарысты. Ал екінші бөлімінде мұғалім бастап берген мақал-мәтелдің жалғасын тауып айту керек болды. Барлық оқушылар белсенділік танытып, есте сақтау қабілеті мен сөз шеберліктерін көрсете білді.
"Бабалардың ерлігі - Тәуелсіздіктің тірегі" атты танымдық-тағзым бағдарламасын жүзеге асыру
04
ноябрь
2019
"Бабалардың ерлігі - Тәуелсіздіктің тірегі" атты танымдық-тағзым
Алматы облысында "Бабабалардың ерлігі - Тәуелсіздіктің тірегі" атты танымдық-тағзым бағдарламасы қабылданды. Соның негізінде қыркүйек айының басында "Балпық биге-325жыл" шарасы бастау алған болатын. Қараша айының 4-і күні Жетіжал орта мектебінде барлық сыныптарда "Балпық би Дербісәліұлының туылғанына 325 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.