18
декабрь
2025
Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар
Бүгін Көксу ауданы Жетіжал орта мектебінде "Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру"тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.
Семинар барысында шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, практикалық жұмыс түрлері мен заманауи білім беру технологиялары ортаға салынып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарын тамашалап, өз кәсіби шеберліктерін шыңдады.
Осындай шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.










