Біз туралы » Страница 20 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық Қадыр оқулары
14
апрель
2022
Аудандық Қадыр оқулары
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Қадыр оқуларында "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" номинациясы бойынша Жетіжал орта мектебінің 7-сынып оқушысы Бадаққызы Зерде Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Мусахметова Г.А. Шын жүектен құттықтаймыз!!!
Ілияс жансүгіров оқулары
13
апрель
2022
Ілияс жансүгіров оқулары
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Ілияс жансүгіров оқуларында өз шығармашылығын жатқа, мәнерлеп оқу байқауында ІІІ орын иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қалел Айдана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мусахметова Г.А. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Аудандық Мағжан оқулары
12
апрель
2022
Аудандық Мағжан оқулары
Ауданның мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Мағжан оқуларында "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" Мағжан шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу конкурсы бойынша ІІІ орынды иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің 10- сынып оқушысы Дүйсенбай Медет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мусахметова Г.А. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Алматы облысы жас математик мұғалімдері арасында өткен шығармашылық байқауы
06
апрель
2022
Алматы облысы жас математик мұғалімдері арасында өткен шығармашылық
Алматы облысы жас математик мұғалімдері арасында өткен шығармашылық байқауына мектебіміздің математика пәні мұғалімі Аубек Алтынай қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды! Шын жүректен құттықтаймыз!!!@koksu_bilim @zhetysu_bilim  
Аудандық жалпы орта мектеп жас мамандары мен тәлімгерлеріне арналған "Педагогикалық тандем" атты әдістемелік жәрмеңке
19
март
2022
Аудандық жалпы орта мектеп жас мамандары мен тәлімгерлеріне арналған
Аудандық жалпы орта мектеп жас мамандары мен тәлімгерлеріне арналған "Педагогикалық тандем" атты әдістемелік жәрмеңкеде "Ізденімпаз тәлімгер мен жас маман" номинациясын мектебіміздің жас маманы, физика пәні мұғалімі Батыл Ердос, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Нурсалхан Заурегул жеңіп алды.Шын жүректен құттықтаймыз!  
"Тез оқуды үйреніңіз" атты облыстық жылдам оқу сайысы
07
март
2022
"Тез оқуды үйреніңіз" атты облыстық жылдам оқу сайысы
"Қазақстандағы балалар жылы" аясында балаларды мұқият және тез оқуға үйрету мақсатында "Тез оқуды үйреніңіз" атты облыстық жылдам оқу сайысында үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болғаны үшін мектебіміздің 2-сынып оқушысы Серік Лимара дипломмен марапатталды.Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
"Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) құру тақырыбында шебер-сынып
04
март
2022
"Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) құру
Мектебіміздің жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Нурсалхан Заурегул Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 Бұйрығына сәйкес  "Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) құру тақырыбында шебер-сынып өткізді.Жас мамандарды толғандырған сұрақтарға жауап берумен қатар, бірқатар ұсыныстар айтты.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Мұқағали Мақатаев оқулары
04
март
2022
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Мұқағали
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Мұқағали Мақатаев оқуларында "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша ІІ орын, "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды" номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің 6 - сынып оқушысы Сейтбек Дилназ ІІ және ІІІ  дәрежелі дипломдармен марапатталды.Жетекшісі:Сарсенбекова А.Б. Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
"Классикалық комикстер" атты аудандық сырттай байқау
04
март
2022
"Классикалық комикстер" атты аудандық сырттай байқау
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жалпы орта білім беретін мектеп жас мамандарына арналған "Классикалық комикстер" атты аудандық сырттай байқауда ІІ орын иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Имантаева Сауле Темирханқызы ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!@koksu_bilim