Біз туралы » Страница 9 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Абай оқулары - 2022
03
май
2022
Абай оқулары - 2022
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Абай оқуларында "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Жекебай Тілек ІІ орын, "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Қалел Айдана ІІ орын, "Абайдың ақын шәкірттері" номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Түйешібай Сания ІІ орын, "Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша Жақан Бақытгүл ІІІ орынды иеленді.Оқушыларымызды шын жүректен жеңістерімен  құттықтаймыз!!!  
"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестивалі
28
апрель
2022
"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестивалі
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестиваліне мектебіміздің 11-сынып оқушылары: Хауандагақызы Аружан, Ашкейқызы Айзада, Жеңісхан Ақжол қатысып, жүлделі ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Жетекшілік еткен ұстаздар: Жабел Меруерт, Мусабекова Ж.Н. Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
Аудандық "Ұшқыр ой алаңы" атты пікір-сайыс
14
апрель
2022
Аудандық "Ұшқыр ой алаңы" атты пікір-сайыс
Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Алматы облысының 90 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткен "Ұшқыр ой алаңы" атты пікір-сайыста 22 команда қатысып, мектебіміздің "НЛ" командасы алғыс хатпен марапатталды. Команда мүшелері Абдигаппарова Камила, Серікқызы Күнай Жетекшісі: Мусабекова Ж.Н.. Құтты болсын!!!
Аудандық Қадыр оқулары
14
апрель
2022
Аудандық Қадыр оқулары
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Қадыр оқуларында "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" номинациясы бойынша Жетіжал орта мектебінің 7-сынып оқушысы Бадаққызы Зерде Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Мусахметова Г.А. Шын жүектен құттықтаймыз!!!
Ілияс жансүгіров оқулары
13
апрель
2022
Ілияс жансүгіров оқулары
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Ілияс жансүгіров оқуларында өз шығармашылығын жатқа, мәнерлеп оқу байқауында ІІІ орын иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қалел Айдана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мусахметова Г.А. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Аудандық Мағжан оқулары
12
апрель
2022
Аудандық Мағжан оқулары
Ауданның мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Мағжан оқуларында "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" Мағжан шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу конкурсы бойынша ІІІ орынды иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің 10- сынып оқушысы Дүйсенбай Медет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мусахметова Г.А. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Алматы облысы жас математик мұғалімдері арасында өткен шығармашылық байқауы
06
апрель
2022
Алматы облысы жас математик мұғалімдері арасында өткен шығармашылық
Алматы облысы жас математик мұғалімдері арасында өткен шығармашылық байқауына мектебіміздің математика пәні мұғалімі Аубек Алтынай қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды! Шын жүректен құттықтаймыз!!!@koksu_bilim @zhetysu_bilim