03
ноябрь
2025
Халықаралық деңгейдегі ЖЕҢІС!
Көксу ауданы, Жетіжал орта мектебінің мақтанышы — «Қызғалдақ» ансамблі Халықаралық «Ғұмырдария» өнер байқауында «Дәстүрлі ән»жанры бойынша өнер көрсетіп, лауреат атанды!*
Ұлттық өнерді ұлықтап, әсем әнімен тыңдарманын тәнті еткен ансамбль II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ансамбльдің шығармашылық жетістігі — жетекшісі Айкүміс Оразбайқызының табанды еңбегінің жемісі.
Өнеріміз өрге жүзсін! Құттықтаймыз!




