Жетістіктеріміз » Страница 3 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
10
октябрь
2025
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
7-8 сынып қыздары арасында “Ұлттық мектеп лигасы” бойынша кіші футболдан өткен аудандық жарыста Жетіжал мектебінің командасы 3-орынды жеңіп алды! Ойын барысында намысты қолдан бермей, шеберлік пен ұйымшылдық танытқан жас футболшыларымызды құттықтаймыз!  Бұл – тек бастамасы. Алда бұдан да биік белестер бар екеніне сенеміз! Жарайсыңдар, қыздар!  #Жетіжал #ҰлттықМектепЛигасы #кішіФутбол #ЖеңісСәті #АуданЖарысы @koksu_bilim @kuzbaev.kuat @zhetysu_centr @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi
Жетістіктер алаңы
09
октябрь
2025
Жетістіктер алаңы
Аудан оқушылары арасында өткен “Ұлттық мектеп лигасы”аясындағы 5–6 сынып қыздар арасындағы кіші футбол жарысында Жетіжал орта мектебінің қыздар командасы жүлделі III орынды иеленді! Жеңіс – еңбектің, бірліктің және табандылықтың жемісі!   Қыздарымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!   #ҰлттықМектепЛигасы   #КішіФутбол   #ЖетіжалМектебі   #ЖеңіспенОралды @koksu_bilim @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi @kuzbaev.kuat
Ұстаздар күні мерекесі
03
октябрь
2025
Ұстаздар күні мерекесі
 3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.    Мерекелік кеш аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен –Жетіжал орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Фазилова Алма Тулегеновна марапатталды. Сондай-ақ, Педагог қызметкерлер кәсіподақ ұйымының арнайы марапатына –Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы  Фазилов Қуаныш Санатович ие болды.
«Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.
03
октябрь
2025
«Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік
3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.  Бұл – білім мен тәрбиені бойына сіңіріп, өскелең ұрпаққа жол көрсетіп жүрген ұстаздар еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы.  Аудан әкімінің Алғыс хатымен – Жетіжал орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әубек Алтынай марапатталды.   «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен – Жетіжал орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Сағадиева Дамира Рүстемқызы марапатталды.
Құттықтаймыз!
22
сентябрь
2025
Құттықтаймыз!
 «Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» атты дарынды балалар арасындағы шығармашылық байқаудың “Жазушы ізімен – жас қаламгер” бағыты бойынша «Жетіжал орта мектебінің» 10-сынып оқушысы Акимқожанов Алихан жүлделі II-орынға ие болды.   Жас талаптың шығармашылыққа деген ынтасы мен ізденісі ерекше бағаланды.   Жетекшісі – Сарсенбекова Аяулым Бақытбековна.    Жас қаламгерімізге шабыт, ұстазына шығармашылық табыс тілейміз!   Мақтан етеміз!  @zhetysu_bilim @koksu_bilim @oqu_agartu_ministrligi
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
12
сентябрь
2025
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
 "Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауында оқушылардың қабілеттерін дамыту жолында қосқан еңбектері үшін мектебіміздің мұғалімдері басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.  Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, шығармашылық қолдауы бағаланды.   Құттықтаймыз және кәсіби табыстар тілейміз! #ОқыЖасаОйлан #ҰстазЕңбегі #АлғысХат #ШығармашылықҚолдау #МектепЖетістігі
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
11
сентябрь
2025
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауына қатысқандары үшін мектебіміздің оқушылары басқарма басшысының арнайы сертификаттарымен марапатталды.  Жетістіктеріңіз құтты болсын!   Жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз! #ОқыЖасаОйлан #БуктрейлерБайқауы #Жетістік #ШығармашылОқушы #Құттықтаймыз
«Көксу жұлдыздары-2025”аудандық балалар шығармашылығы байқауы
10
май
2025
«Көксу жұлдыздары-2025”аудандық балалар шығармашылығы байқауы
«Көксу жұлдыздары-2025”аудандық балалар шығармашылығы байқауында жоғары қатысып,Дәстүрлі ән номинациясы бойынша жүлделі ll-орын алғаны үшін “Ақшағала” тобы (кіші топ) және “Қызғалдақтар” тобы (үлкен топ)марапатталды.Шын жүректен құттықтаймыз!
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» орай ұйымдастырылған облыстық жас директорлар арасындағы пікірсайыс байқауы
21
апрель
2025
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» орай ұйымдастырылған
2025 жылдың 18 сәуір күні «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» орай ұйымдастырылған облыстық жас директорлар арасындағы пікірсайыс байқауында Көксу ауданының құрамасы жүлделі І орынды иеленді. Топ мүшелері: 1.Нұрғалиев Әділет Қайратұлы – «Жетіжал орта мектебі» КММ директоры 2.Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы – «Алғабас орта мектебі» КММ директоры Көксу ауданының жас басшыларына кәсіби біліктілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да толағай табыс,
“Ұлттық мектеп лигасы”бойынша 7-8 сыныптар (қыздар)арасында кіші футбол
16
апрель
2025
“Ұлттық мектеп лигасы”бойынша 7-8 сыныптар (қыздар)арасында кіші
Аудан оқушыларының “Ұлттық мектеп лигасы”бойынша 7-8 сыныптар (қыздар)арасында кіші футбол өткен жарыста Жетіжал орта мектебінің командасы жүлделі 2орын жеңіп алды.Шын жүректен құттықтаймыз!