ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 24-27 тамыз күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларын өткізді. Алматы облысы атынан 6 оқушы бақтарын сынады. Нәтижесінде Жамбыл ауданы, Ұзынағаш орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сәли Аружан ІІ орын, Көксу ауданы Жетіжал және Жамбыл орта мектептерінің оқушылары Жекебай Тілек пен Аманбек Айжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!