18
октябрь
2019
Көксу ауданында Балпық бидің 325 жылдығы аталып өтті
Көксу ауданында Балпық бидің 325 жылдығы аталып өтті
Биыл Балпық би Дербісәліұлының туғанына 325 жыл. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қол бастап, ел арасындағы дауда сөз бастаған шешен, әулие болған бидің рухына көксулықтар құран бағыштап, тағзым етті.
Жетісу өңірінде өмір сүріп, өз заманының шешені болған, әрі көсем, әрі би, әрі қол бастаушы батыр Балпық бидіңерлігін ұрпаққа өнеге етуді парыз санаған көксулықтар бидің 325 жылдық мерей тойын дүбірлетіп тойлауға кірісті.Атаулы датаны тойлау "Балпық баба ізімен" тарихи -танымдық экспедициялар, ғылыми- тәжірибелік конференциялар, көне орындарға ғылыми экспедиция, ғылым қайраткерлерінен құралған тағзым ету сапары, көшпелі батырлар қару жарақ көрмесі көрсетілімімен басталды.
Сонымен қатар,Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен «Байтақ елдің Балпығы» атты кітап та жарыққа шыққан. «Дала данышпаны» атанған Балпық бидің 325 жылдық мерейтойына орай жарық көрген бұл кітапта Ескелді, Балпық би, Қабан жырау (Қабылиса) сынды тарихи ұлы тұлғалар жайлы тың да құнды деректер олар өмір сүрген сол алмағайып кезеңнің шындығымен астарласа баяндалады.
Он екі ата Жалайырдың ішіндегі біртуар тұлға, атақты Балпық бидің ерекше бір қыры - баталы сөздері. Осыған орай, Көксу ауданының мәдениет үйінде "Бата сөзі - ата сөзі" тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Оған республиканың 4 облысы мен 2 қаласынан 13 ақсақал қатысып, өзара өре мен шешендіктерінен бақ сынасты.3 кезеңнен сүрінбей өткен 79 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Аманжол Дүрәліұлы бас жүлде, яғни жүлде қорын құрайтын 2 млн 500 мың теңгені жеңіп алса, қалған қатысушылар байқау ұйымдастырушыларының атынан сый-сияпатқа ие болды.
Кербулакский районның тумасыЖақыпбек Самалтырұлы наурыз айында Атырау қаласында бата жарысынан өткен республикалық байқауда 17 қатысушының ішінен үздік атанып,бас жүлдені жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, торқалы той соңында Балпық бабаға арналған ас берілді. Ендігі кезекте қорытынды басқосулар Текелі, Талдықорған қалалары мен Қаратал аудандарында жалғасын таппақ.