12
июнь
2025
Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер!
Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер!
Аттестат табыстау — жас түлектеріміздің өміріндегі ерекше әрі жауапты кезең. Осы күннің қауіпсіз өтуі бәріміз үшін аса маңызды.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ:
• Қауіпті орындарға (тау, көл, халық көп жиналатын жерлер) бармауға кеңес береміз.
• Экстремалды "челлендждерге" немесе өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге қатыспау қажет.
• Темекі, алкоголь және зиянды заттарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
• Аттестат тапсыру рәсімі аяқталған соң, оқушылар үйге бірден оралуы тиіс.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін ерекше назар аударып, бақылауды күшейтулеріңізді сұраймыз.
Бұл шаралар балаларымыздың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Бірлесе әрекет етіп, түлектеріміздің бұл маңызды сәтін тыныш әрі қауіпсіз өткізейік!
�Құрметпен,�Жетіжал орта мектебінің ұжымы