1 қыркүйек "Білім күні"

Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар және мектебіміздің қызметкерлері мен ата-аналары!
Сіздерді 2025-2026 жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылы – білім мен ғылымдағы жаңа мүмкіндіктердің, тың бастамалар мен ізденістердің кезеңі. Білім мен ғылым саласындағы қарқынды өзгерістер бізден жоғары кәсіби шеберлікті, үздіксіз дамуды талап етеді. Сол себепті баршаңызды белсенділікке, шығармашылыққа және табандылыққа шақырамын.
2024-2025 оқу жылында мектебімізді 179 оқушы аяқтап, соның ішінді 11 сыныпты 11 оқушы сәтті аяқтады. 10 оқушы ЕНТ тапсырып, 6 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл мектеп үшін үлкен абырой.
Құрметті оқушылар! Бұл мәртебелі ауылымыздағы қара шаңырақтан алған білімдеріңіз сіздерді бәсекеге қабілетті, заманауи ойлайтын оқушы болуға жетелейді деп сенемін.
Қадірлі әріптестер! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз мектебіміздің табысты дамуының негізгі тірегі. Жаңа оқу жылында еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріміз талай асуларды бағындырсын.
Алдағы кезең бәріміз үшін нәтижелі, сәтті және жарқын болсын.