30
март
2021
ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!!!
2021 жылғы 29 наурызында Көксу ауданында короновирус жұқпасына қарсы иммундау жұмыстары Мұқаншы округінде жалғасын тапты.Ауданға вакцинаның 300 дозасы әкелінді. Алғашқы кезекте халықтың ең осал топтарына жататын медицина қызметкерлері мен ұстаздарға Гам-Ковид-Вак (Спутник V) вакцинасымен екпе жүргізілуде. Иммундау басталған бері мектебіміздің 7 ұстазы, 4 қызметкері екпемен қамтылды. Covid -19 жұқпасына екпе екі мәрте жасалынады, аралығы 21 күнді қамтиды, осы екі вакцинаны бірдей алған адамда мықты иммунитет қалыптасады.Екпе алуға келген пациент дәрігердің толыққанды тексеруінен өтіп, екпеге рұқсат алады, және де вакцина туралы толық мағлұмат беріледі. Екпе алғаннан кейін 30 минут арнайы бөлмеде медицина қызметкерінің бақылауында болады.Екпе ерікті түрде жасалынады, пациент екпе алмастан бұрын ақпараттық келісімге қол қояды. Вакцинациядан кейін әр пациентке келесі екпені алу күні жазылған және де екпеден кейін орын алатын белгілер мен ондай жағдайда қолданылатын ұсыныстар туралы түсіндіру ақпараты беріледі. Сондай-ақ учаскелік дәрігердің және Call орталықтың телефондары көрсетілген.
Екпемен қамтылған әр пациент өзін және қоршаған қоғамды короновирус жұқпасынан сақтайтынын ескертеміз!
ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!!!