О нас » Страница 26 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Абай оқулары»  онлайн байқауы
08
апрель
2021
«Абай оқулары» онлайн байқауы
2021 жылдың 19 наурыз күні жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «Абай оқулары»  онлайн байқауы болып өтті. Байқау қорытындысы бойынша; «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша жүлделі 1- орынды Көксу ауданы Жетіжал орта мектебінің 9-сынып оқушысы  Жекебай Тілек жеңіп алып, Республикалық байқауда Алматинская областьның намысын қорғайтын болады. Жетекшісі:Қазбек А.Қ. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
2021 жылдың 17 наурызында оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай аудандық Абай оқулары өткізілді.
23
март
2021
2021 жылдың 17 наурызында оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
                                 Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай аудандық Абай оқулары Оқуларда оқушылар алты түрлі байқауға қатысып, өнерлерін сынады.Абай Құнанбаев өлеңдерін жатқа оқудан «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауында Жетіжал орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жекебай Тілек 1 орынды (120 өлең, 1 поэма) иеленді. Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан өткен байқауда Жетіжал орта мектебінің   9 сынып оқушысы Қалел Айдана (37 қара сөз) жатқа айтып 2 орынды иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
17
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық "DODA" шығармашылық байқауында оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Нурсалхан Заурегул дипломмен марапатталды.
Республикалық "DODA" шығармашылық байқауы
17
март
2021
Республикалық "DODA" шығармашылық байқауы
"BILGEN" ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының ұйымдастыруымен өткен, бастауыш сынып оқушыларына арналған Республикалық "DODA" шығармашылық байқауында 2- сынып оқушылары жүлделі І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сынып жетекшісі: Нурсалхан Заурегул
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
16
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы: Нурсалхан Заурегул Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымының құрмет грамотасымен марапатталды!Шын жүректен құттықтаймыз!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
16
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қашықтық оқыту жағдайында аудандық онлайн семинарға өз іс-тәжірибесін таратып, белсенділік танытқан үшін бастауыш сынып мұғалімі Нурсалхан Заурегул білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.Құтты болсын!!!
"АУЫСПАЛЫ КУБОК" жарысы
16
март
2021
"АУЫСПАЛЫ КУБОК" жарысы
Мұқаншы ауылдық округінің жастары арасында кіші футболдан өткен "АУЫСПАЛЫ КУБОК" жарысында Жетіжал орта мектебінің оқушылар командасы І орынды иеленсе, мұғалімдер командасы ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар "үздік шабуылшы" Жылкелдиев Ануар, "үздік қорғаушы" Жеңісхан Ақжол,  "үздік қақпашы" Заден Бейбарыс округ әкімінің мадақтамаларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дзюдо күресінен 2006-2007, 2008-2009,2010-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен жарыс қорытындысы
16
март
2021
Дзюдо күресінен 2006-2007, 2008-2009,2010-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар
Дзюдо күресінен 2006-2007, 2008-2009,2010-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Кеген ауданының ашық біріншілігінде 30кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алған Қапу Әдемі марапатталды.Шын жүректен құттықтаймыз!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
15
март
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық 2-10сынып оқушылары арасында өткізілген "Самұрық" зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Нурсалхан Заурегул алғыс хатпен марапатталды!Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Аудандық Қадыр оқуларының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
14
март
2021
Аудандық Қадыр оқуларының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Аудандық Қадыр оқуларының "Сөздің бәрі құдіретті..." номинациясы бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Серікқызы Күнай қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлап, облысқа жолдама алып, облыстық байқауда жүлделі ІІІ орынға ие болды.Шын жүректен құттықтаймыз!!!Жетекшісі:Мусахметова Г.А.