О нас » Страница 3 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында футзалдан өткен аудандық жарыс
29
октябрь
2025
”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында
 ”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында футзалдан өткен аудандық жарыста Жетіжал орта мектебінің командасы жүлделі III орынды жеңіп алды!    Жеңіске деген жігері мен бірлігінің арқасында көзге түскен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!  
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
10
октябрь
2025
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
7-8 сынып қыздары арасында “Ұлттық мектеп лигасы” бойынша кіші футболдан өткен аудандық жарыста Жетіжал мектебінің командасы 3-орынды жеңіп алды! Ойын барысында намысты қолдан бермей, шеберлік пен ұйымшылдық танытқан жас футболшыларымызды құттықтаймыз!  Бұл – тек бастамасы. Алда бұдан да биік белестер бар екеніне сенеміз! Жарайсыңдар, қыздар!  #Жетіжал #ҰлттықМектепЛигасы #кішіФутбол #ЖеңісСәті #АуданЖарысы @koksu_bilim @kuzbaev.kuat @zhetysu_centr @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi
Жетістіктер алаңы
09
октябрь
2025
Жетістіктер алаңы
Аудан оқушылары арасында өткен “Ұлттық мектеп лигасы”аясындағы 5–6 сынып қыздар арасындағы кіші футбол жарысында Жетіжал орта мектебінің қыздар командасы жүлделі III орынды иеленді! Жеңіс – еңбектің, бірліктің және табандылықтың жемісі!   Қыздарымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!   #ҰлттықМектепЛигасы   #КішіФутбол   #ЖетіжалМектебі   #ЖеңіспенОралды @koksu_bilim @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi @kuzbaev.kuat
Ұстаздар күні мерекесі
03
октябрь
2025
Ұстаздар күні мерекесі
 3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.    Мерекелік кеш аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен –Жетіжал орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Фазилова Алма Тулегеновна марапатталды. Сондай-ақ, Педагог қызметкерлер кәсіподақ ұйымының арнайы марапатына –Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы  Фазилов Қуаныш Санатович ие болды.
«Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.
03
октябрь
2025
«Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік
3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстазға алғыс!»тақырыбында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.  Бұл – білім мен тәрбиені бойына сіңіріп, өскелең ұрпаққа жол көрсетіп жүрген ұстаздар еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы.  Аудан әкімінің Алғыс хатымен – Жетіжал орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әубек Алтынай марапатталды.   «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен – Жетіжал орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Сағадиева Дамира Рүстемқызы марапатталды.
Құттықтаймыз!
22
сентябрь
2025
Құттықтаймыз!
 «Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» атты дарынды балалар арасындағы шығармашылық байқаудың “Жазушы ізімен – жас қаламгер” бағыты бойынша «Жетіжал орта мектебінің» 10-сынып оқушысы Акимқожанов Алихан жүлделі II-орынға ие болды.   Жас талаптың шығармашылыққа деген ынтасы мен ізденісі ерекше бағаланды.   Жетекшісі – Сарсенбекова Аяулым Бақытбековна.    Жас қаламгерімізге шабыт, ұстазына шығармашылық табыс тілейміз!   Мақтан етеміз!  @zhetysu_bilim @koksu_bilim @oqu_agartu_ministrligi
KITAP FEST – 2025
19
сентябрь
2025
KITAP FEST – 2025
Жетіжал мәдениет үйінде кітап пен өнерді ұштастырған ерекше әдеби фестиваль өтті!  Оқушыларымыз түрлі әдеби шығармаларға арналған ойындарға қатысып, ақын-жазушылар туралы білімдерін шыңдады. Сонымен қатар, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-кдомсыйлады.   Фестиваль аясында Тілдер апталығының жабылу рәсімі де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қорытындыланды.Бұл – тіл мен руханиятқа деген құрметтің айқын көрінісі болды.  Бұл шара – жас ұрпақты рухани байлыққа, кітап оқуға баулу мен өнерге
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
12
сентябрь
2025
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
 "Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауында оқушылардың қабілеттерін дамыту жолында қосқан еңбектері үшін мектебіміздің мұғалімдері басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.  Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, шығармашылық қолдауы бағаланды.   Құттықтаймыз және кәсіби табыстар тілейміз! #ОқыЖасаОйлан #ҰстазЕңбегі #АлғысХат #ШығармашылықҚолдау #МектепЖетістігі
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
11
сентябрь
2025
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауы
"Оқы. Жаса. Ойлан" облыстық буктрейлер байқауына қатысқандары үшін мектебіміздің оқушылары басқарма басшысының арнайы сертификаттарымен марапатталды.  Жетістіктеріңіз құтты болсын!   Жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз! #ОқыЖасаОйлан #БуктрейлерБайқауы #Жетістік #ШығармашылОқушы #Құттықтаймыз
Қуанышты жаңалық!

08
август
2025
Қуанышты жаңалық!

Мектебіміздің 11-сынып оқушылары мемлекеттік ГРАНТ иегерлері атанды!
Жетістіктерімен баршамызды қуантқан түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Орал Балапан — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 Серікқызы Назерке — Қазақ спорт және туризм академиясы 
 Мамырхан Ұлпан — Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
 Жақан Бақытгүл — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
 Жылкелдиев Ануар — Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті