13
январь
2023
Жас ақындар айтысы
2023жылдың 13-қаңтарында Қ.Жапсарбаев атындағы мектеп базасында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында
«Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Жұп болып сөз қағыстыратын төл өнер екі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Тақырыптық айтыстан ұпай саны басым болғандар екінші айналым яғни қайым айтыста сөз таластырды. Айтысты айтыс демейді қазақ, іліп қалмаса, суырып салмаса. Қайым айтыс- нағыз суырып салмалықты, шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін айтыс түрі. Жас ақындарды делебесін қоздырып, сауырына қамшы бастырмас жүйріктей бауырын жазып, кең көсілткен осы айналым болды. Жүлделі І орынды Жетіжал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Серікқызы Күнай иеленді.Жетекшісі:Оразбай А.





