28
сентябрь
2022
Жетіжал орта мектебі бойынша прокуратураның хатамалық тапсырмасына сәйкес оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында шаралар ұйымдастырылды.
2022 жылғы 1 қыркүйек күні мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция аға лейтенанты Асым Ә.Е мен полиция аға лейтенанты А.Тасболатованың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру іс-шарасы өткізілді Кешкілік уақытта әр ата-ана өз баласының немен айналасып отырғанын біліп, үнемі баласының не ұстап, немен айналысып жүргенін қадағалап отыру керектігі ескертілді. Кешкі мезгілде көшеде жүрулеріне болмайтындығын айтты. Электронды темекінің денсаулыққа зияны, көшедегі қаңғыбас жабайы иттерден сақтану керектігін, жол бойындағы ашық жатқан люктерге баланың түсіп кетпеуін, жолдағы жаяу жүргіншілерге арналған пешеходтан абайлап өтуін, жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынастың, зорлық –зомбылықтың алдын-алу мақсатында, мектептің сыртқы даретханасына бармауы керектігі айтылды. Бөтен адамның мүлкіне, яғни, затына тиісу ол қылмыс екеніндігі дәріс кезінде жете түсіндірілді. Бөтеннің мүлкіне қол сұғу, тонау, ұрлау жайында мысалдар келтіріліп, ұрлық түбі қорлық екендігі айтылды Қазіргі уақытта жасөспірідер арасында белең алып жатқан электронды темекінің адам ағзасына зиянды екенін түсіндірді. Сонымен қатар жол ережесі туралы түсіндірме жұмыстары, тәрбие сағаттары өтті.
Ата – аналар жиналысттары ұйымдастырылды. Мектеп директоры Нұрғалиев Әділет Қайратұлы сөз алып, оқушыларға қосымша ақпарат беріп, кешкі мезгілде көшеде жүруге болмайтындығын айтылып, мектеп тарапынан рейд үнемі жүргізілетіндігін хабардар етті. Балалар арасында мотоцикл және көлік айдайтын балалар бар екендігін айтып, ескерту жасады. Оқушыларға мектеп формасы туралы да үнемі жұмыстар ұйымдастырылып отырады. Мектеп медбикесі Назым Байдилдаева мектеп оқушыларына травматизм бойынша толық түсіндірмелі жұмыстар ұйымдастырды.
@koksu_bilim @akimat_koksu




