Іс-шаралар » Страница 3 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қуанышты жаңалық!
05
ноябрь
2025
Қуанышты жаңалық!
Жетіжал орта мектебінің кітапханашысы Исмагилова Гульжанат Зекеновна қажырлы еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін ”Еңбек адамы”медалімен марапатталды!   Бұл – жылдар бойы жас ұрпақты рухани байлыққа баулыған жанға берілген зор құрмет.    Құтты болсын, еңбегіңіз жана берсін!   #ЕңбекАдамы  
«Алтын тұғыр»математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңі
04
ноябрь
2025
«Алтын тұғыр»математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңі
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр»математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін мектебіміздің ұстазы Нурсалхан Заурегул II дәрежелі дипломмен марапатталды! Ұстаздың терең білімі мен математикаға деген сүйіспеншілігі осы жетістікке жетелеуде.   Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!   #АлтынТұғыр2025 #ҰстазМақтанышы #ЖетістікЖолы
Халықаралық деңгейдегі ЖЕҢІС!
03
ноябрь
2025
Халықаралық деңгейдегі ЖЕҢІС!
 Көксу ауданы, Жетіжал орта мектебінің мақтанышы — «Қызғалдақ» ансамблі Халықаралық «Ғұмырдария» өнер байқауында «Дәстүрлі ән»жанры бойынша өнер көрсетіп, лауреат атанды!*  Ұлттық өнерді ұлықтап, әсем әнімен тыңдарманын тәнті еткен ансамбль II дәрежелі дипломмен марапатталды.  Ансамбльдің шығармашылық жетістігі — жетекшісі Айкүміс Оразбайқызының табанды еңбегінің жемісі.  Өнеріміз өрге жүзсін! Құттықтаймыз!    #ЖетіжалЖетістігі #ҚызғалдақАнсамблі #Гумырдария2025 #ҰлттықМақтаныш
«Каникулдық мектеп» аясындағы семинар
31
октябрь
2025
«Каникулдық мектеп» аясындағы семинар
Жетіжал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Кушбаева Батима Идрисовна мен Нурсалхан Заурегул «Бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын арттыру жолдары»тақырыбындағы семинарға қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Семинар соңында ұстаздарымызға сертификаттар табысталды.    Ұстаздарымызға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!   #КаникулдықМектеп #БастауышБілім #ҰстазТәжірибесі
“Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар”облыстық білім беру интенсиві
30
октябрь
2025
“Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар”облыстық білім беру
 “Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар”облыстық білім беру интенсиві аясында ұйымдастырылған шара – қатысушылар үшін тың идеялар мен пайдалы тәжірибеге толы керемет мүмкіндік болды.    Жетісу өңірінің ұстаздары өзара тәжірибе алмасып, көшбасшылық қасиеттерді дамытудың тиімді стратегиялары мен заманауи құралдарын меңгерді.    Идеяға, мотивацияға және шабытқа толы шара жоғары деңгейде өтті! Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында футзалдан өткен аудандық жарыс
29
октябрь
2025
”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында
 ”Ұлттық мектеп лигасы” аясында 7–8 сынып қыздар командалары арасында футзалдан өткен аудандық жарыста Жетіжал орта мектебінің командасы жүлделі III орынды жеңіп алды!    Жеңіске деген жігері мен бірлігінің арқасында көзге түскен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!  
25 қазан – Республика күні!
25
октябрь
2025
25 қазан – Республика күні!
Бұл – еліміздің егемендік жолындағы тарихи шешім қабылдаған, Тәуелсіздікке бастар бағытты айқындаған ұлы күн! Осы мерекеге орай Жетіжал орта мектебінің директоры Нұрғалиев Әділет Қайратұлы барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтайды!  Еліміз аман, жеріміз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!   Әрбір отбасыға шаттық, баянды өмір мен жарқын болашақ тілейміз!
“Республика күні” Ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған шағын футбол
16
октябрь
2025
“Республика күні” Ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған шағын футбол
 “Республика күні” Ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған шағын футболдан “Көксу ауданы әкімінің кубогі” турнирінде  Жетіжал орта мектебінің оқушысы Ерәділ Азамат «Үздік қақпашы»номинациясымен марапатталды!    Бұл – жас спортшының еңбегі мен табандылығының нәтижесі!   Азаматқа жарқын жеңістер мен спорттағы жаңа жетістіктер тілейміз!
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
10
октябрь
2025
Жетістік жолындағы тағы бір қадам!
7-8 сынып қыздары арасында “Ұлттық мектеп лигасы” бойынша кіші футболдан өткен аудандық жарыста Жетіжал мектебінің командасы 3-орынды жеңіп алды! Ойын барысында намысты қолдан бермей, шеберлік пен ұйымшылдық танытқан жас футболшыларымызды құттықтаймыз!  Бұл – тек бастамасы. Алда бұдан да биік белестер бар екеніне сенеміз! Жарайсыңдар, қыздар!  #Жетіжал #ҰлттықМектепЛигасы #кішіФутбол #ЖеңісСәті #АуданЖарысы @koksu_bilim @kuzbaev.kuat @zhetysu_centr @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi
Жетістіктер алаңы
09
октябрь
2025
Жетістіктер алаңы
Аудан оқушылары арасында өткен “Ұлттық мектеп лигасы”аясындағы 5–6 сынып қыздар арасындағы кіші футбол жарысында Жетіжал орта мектебінің қыздар командасы жүлделі III орынды иеленді! Жеңіс – еңбектің, бірліктің және табандылықтың жемісі!   Қыздарымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!   #ҰлттықМектепЛигасы   #КішіФутбол   #ЖетіжалМектебі   #ЖеңіспенОралды @koksu_bilim @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi @kuzbaev.kuat