Іс-шаралар » Страница 63 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Табиғат - тіршілік көзі" атты тәрбие сағатынан көріністер
30
январь
2020
"Табиғат - тіршілік көзі" атты тәрбие сағатынан көріністер
Мектебіміздің 4- сынып оқушыларымен "Табиғат - тіршілік көзі" атты тәрбие сағаты болып өтті. Оқушылар табиғаттың кереметі, пайдасы мен адамдар тарапынан келтіріліп жатқан зияндары жайлы талқылап дәлелдер келтіре білді. Тапсырмалар орындау арқылы өз пікірлерін ойларын ортаға салып пікірталасты.
Ұлы даланың жеті қырын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Ұлы даланың көне сарындары" атты дөңгелек үстел
24
январь
2020
Ұлы даланың жеті қырын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Ұлы
Ұлы даланың жеті қыры аясында ұйымдастырылған "Ұлы даланың көне сарындары" атты дебат өтті. Оқушыларға көне ұмытылып бара жатқан әндер мен күйлер жылпы музыка жанрының көне замандағы ерекшеліктері жайлы мағлұмат берілді. оқушылар өз тараптарынан күй шертіп ән айтып, көне әндерін еске алды.
"Зерде" зияткерлік сайысы
24
январь
2020
"Зерде" зияткерлік сайысы
24.01.2020 жылы 1-сынып оқушыларымен "Зерде" зияткерлік сайысы өткізілді. Алғырлар мен тапқырлар болып екі топқа бөлінген оқушылар өзара таласқа түсті. 7 айналымнан тұратын әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындап, оқушылардың қызығушылығы арта түсті. 
"Қызғалдақ - достық пен берекенің нышаны" атты тәрбие сағаты өткізілді
23
январь
2020
"Қызғалдақ - достық пен берекенің нышаны" атты тәрбие сағаты өткізілді
23.01.2020 жылы мектебіміздің 3-сынып оқушыларымен "Қызғалдақ - достық пен берекенің нышаны" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Садыбаева А.Б. оқушыларға достық пен адал қарым-қатынас туралы кең көлемде мағлұмат берді. Оқушылар ұшқыр ойларымен берілген тапсырмалардың барлығын қызыға белсенділік танытып орындай білді.
8-10 сыныптар арасында "Жемқорлықсыз Қазақстан" атты дебат өтті
23
январь
2020
8-10 сыныптар арасында "Жемқорлықсыз Қазақстан" атты дебат өтті
22 қаңтар күні 8-10 сыныптар арасында тарих пәні мұғалімі Сатыбалдинов Б.Р. ұйымдастыруымен "Жемқорлықсыз Қазақстан" атты дебат өтті. Дебаттың басты мақсаты жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, оқушыларға жемқорлықсыз өмір сүру жолдарын ұсыну. Іс шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың қызығушылығын оята білді.
"СПИД - ғасыр дерті" атты пікірталас өткізілді.
22
январь
2020
"СПИД - ғасыр дерті" атты пікірталас өткізілді.
22.01.2020 жылы 7-10 сыныптар арасында "СПИД - ғасыр дерті" атты пікірталас ұйымдастырылып өтті. Оқушылар ғасыр дертінің адамзатқа зиянды тұстарын ашып айтып, өзара пікір алмасты. Бүкіл дүниежүзінің обасы атанған СПИД-ке қарсы күрес, оның пайда болу жолдары, алдын-алу шаралары туралы кең көлемде талқыланды.