Оқушылар жетістіктері » Страница 4 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктер алаңы
09
октябрь
2025
Жетістіктер алаңы
Аудан оқушылары арасында өткен “Ұлттық мектеп лигасы”аясындағы 5–6 сынып қыздар арасындағы кіші футбол жарысында Жетіжал орта мектебінің қыздар командасы жүлделі III орынды иеленді! Жеңіс – еңбектің, бірліктің және табандылықтың жемісі!   Қыздарымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!   #ҰлттықМектепЛигасы   #КішіФутбол   #ЖетіжалМектебі   #ЖеңіспенОралды @koksu_bilim @zhetysu_bilim @oqu_agartu_ministrligi @kuzbaev.kuat
KITAP FEST – 2025
19
сентябрь
2025
KITAP FEST – 2025
Жетіжал мәдениет үйінде кітап пен өнерді ұштастырған ерекше әдеби фестиваль өтті!  Оқушыларымыз түрлі әдеби шығармаларға арналған ойындарға қатысып, ақын-жазушылар туралы білімдерін шыңдады. Сонымен қатар, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.   Фестиваль аясында Тілдер апталығының жабылу рәсімі де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қорытындыланды.Бұл – тіл мен руханиятқа деген құрметтің айқын көрінісі болды.  Бұл шара – жас ұрпақты рухани байлыққа, кітап оқуға баулу мен өнерге
Қуанышты жаңалық!

08
август
2025
Қуанышты жаңалық!

Мектебіміздің 11-сынып оқушылары мемлекеттік ГРАНТ иегерлері атанды!
Жетістіктерімен баршамызды қуантқан түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Орал Балапан — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 Серікқызы Назерке — Қазақ спорт және туризм академиясы 
 Мамырхан Ұлпан — Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
 Жақан Бақытгүл — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
 Жылкелдиев Ануар — Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті 

“Ұстаздың жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты ағылшын тілі пәнінен олимпиада
08
май
2025
“Ұстаздың жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты ағылшын тілі
Көксу ауданының жалпы білім беретін мектептері арасында өткен “Ұстаздың жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты ағылшын тілі пәнінен олимпиадада Жетіжал орта мектебінің 9-сынып оқушысы Акимкожанов Алихан жүлделі І-дәрежелі дипломмен және арнайы 15.000теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды! Жетістігің құтты болсын, Алихан! Табыстарың толастамай, алар асуларың биік болсын! Жетісу Облысының Білім Басқармасы Көксу Ауданы Білім Бөлімі Қуат Кузбаев Гани Бейсембаев
“Ұлттық мектеп лигасы”бойынша 7-8 сыныптар (қыздар)арасында кіші футбол
16
апрель
2025
“Ұлттық мектеп лигасы”бойынша 7-8 сыныптар (қыздар)арасында кіші
Аудан оқушыларының “Ұлттық мектеп лигасы”бойынша 7-8 сыныптар (қыздар)арасында кіші футбол өткен жарыста Жетіжал орта мектебінің командасы жүлделі 2орын жеңіп алды.Шын жүректен құттықтаймыз!
Аудандық “Мағжан оқулары”ғылыми-шығармашылық байқауы
16
апрель
2025
Аудандық “Мағжан оқулары”ғылыми-шығармашылық байқауы
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында аудандық “Мағжан оқулары”ғылыми-шығармашылық байқауының “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған”номинациясы бойынша мектебіміздің 10сынып оқушысы Бадаққызы Зерде жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды!Шын жүректен құттықтаймыз!
9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі
09
апрель
2025
9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың ІІІ
9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңіне Жетіжал орта мектебінің 9-сынып оқушысы Акимкожанов Алихан ағылшын тілі пәнінен қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болса, 10-сынып оқушысы Дүйсен Бекнұр география пәнінен қатысып,жүлделі ІІ орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!!! Жетекшілері: Жүмәділлә Г.С., Нұрғалиев Ә.Қ.  
Аудандық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" тақырыбында балалар кино фестивалі өткізілді
02
апрель
2025
Аудандық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" тақырыбында балалар кино
Аудандық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" тақырыбында балалар кино фестивалі бойынша "Деректі кино" номинациясына 9-сынып оқушысы Сейтбек Дильназ, "Үздік ғылыми-танымал фильм" номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Жақан Бақытгүл қатысып жеңімпаз атанды.Жетекшілері: Сағадиева Дамира Рустемқызы, Жабел Меруерт.
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін-өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған "Адамдық борышың" атты 7-9 сынып оқушыларының арасындағы жас таланттар байқауы
02
апрель
2025
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін-өскелең ұрпаққа дәріптеу
Алаш зиялыларының көсемі атанған Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін-өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған "Адамдық борышың" атты 7-9 сынып оқушыларының арасындағы жас таланттар байқауына мектебіміздің 8-сынып оқушысы Дүйсен Ақпейіл қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Мусахметова Гульзира Ахылбековна.
"Үздік командир-2025" аудандық байқауы
13
февраль
2025
"Үздік командир-2025" аудандық байқауы
"Үздік командир-2025" аудандық байқауының ІІІ орын иегері Зәден Қайсар. Шын жүректен құттықтаймыз!!!