«Каникулдық мектеп» аясындағы семинар
Жетіжал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Кушбаева Батима Идрисовна мен Нурсалхан Заурегул «Бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын арттыру жолдары»тақырыбындағы семинарға қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында ұстаздарымызға сертификаттар табысталды. Ұстаздарымызға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз! #КаникулдықМектеп #БастауышБілім #ҰстазТәжірибесі