03
март
2022
Оқушы қыздармен ұйымдастырлыған кездесу
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының психолог-маманы Мухаметкалиева Мадина Қайратқызының ұйымдастыруымен, Мұқаншы ауылдық округі, Жетіжал орта мектебінде репродуктивті денсаулық сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Бүгінде бір ананы тәрбиелегеніміз-бір ұлтты тәрбиелегеніміз" тақырыбында қыздар арасында жиналыс өтті. Кездесу барысында "Қалаған жүктілік" атты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар қыздарға жеке бас гигиенасын таза ұстау, ерте жүктіліктің алдын алу және оның салдарынан тарайтын жұқпалы аурулар жайлы айтылып өтілді. Өмір белсенділігін арттыру, болашақ өмірдің дұрыс жоспарлануы бойынша кеңестер берілді. Қыздар жеке бастарына қатысты аналарына қоюға қысылатын сұрақтарына жауап ала алды, кездесу қызықты әрі пайдалы мағлұматтарға толы болды.