03
март
2022
«Діни білімсіздік жарға жығады» атты кездесу өтті.
Бүгін 02.03.2022жылы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мұқаншы ауылдық округі, Жетіжал орта мектебінде діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы жастардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету, дәстүрлі дінімізді қоғамда, тіршілікте асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу мақсатында «Діни білімсіздік жарға жығады» атты кездесу өтті. Аталмыш шараға Көксу ауданы бойынша дінтанушы маманы Бектемиров Мақсат Калимжанұлы. Жетіжал орта мектебінің директоры Нұрғалиев Әділет Қайратұлы және Көксу ауданы жастар ресурстық орталығының маманы Мухаметкалиева Мадина Қайратқызы қатысты. Сонымен қатар шара барысында «Дін және дәстүр» атты бейнеролик көрсетілді.