Іс-шаралар » Страница 31 » Көксу ауданы Жетіжал орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Жетіжал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 қыркүйек - Білім күні!
01
сентябрь
2022
1 қыркүйек - Білім күні!
Құрметті де қымбатты ата-аналар мен оқушылар сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!!!1-11 сынып оқушыларымен "Біздің жарқын болашақ" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
2022 жылдың 18 тамыз күні Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық тамыз кеңесі өткізілді.
19
август
2022
2022 жылдың 18 тамыз күні Жетісу облысы білім басқармасының
2022 жылдың 18 тамыз күні Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық тамыз кеңесі өткізілді.Тамыз кеңесінде Жетіжал орта мектебінің директоры Нұрғалиев Әділет Қайратұлы "Басқарушылық құзыреттіліктің 30 аспектісі" тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.Барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!!!@akimat_koksu @koksu_bilim @zhetysu_bilim_baskarmasy  
«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» акциясы
17
август
2022
«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» акциясы
2022 жылдың  17 тамыз күні мектеп алаңында Балалар жылы аясында  «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» атты ұранымен акция ұйымдастырылды.  Акция аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез-келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Барлық ауыл тұрғындарын акцияға
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасы
31
май
2022
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің информатика пәні жүлдегері 8-сынып оқушысы Куренов Нұрмұхамед ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мусабекова Ж.Н. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Облыстық "Айбын" әскери-патриоттық ойыны
30
май
2022
Облыстық "Айбын" әскери-патриоттық ойыны
Облыстық "Айбын" әскери-патриоттық ойынына Жетіжал орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жеңісхан Ақжол қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі:Фазылов Қ.С. Шын жүректен құттықтаймыз!!!@koksu_bilim
"Ұлағатты ұстаз" ФАЗИЛОВ САНАТ АШИМЖАНҰЛЫН еске алуға арналған әскери төртсайыстан өткен турнирі
29
май
2022
"Ұлағатты ұстаз" ФАЗИЛОВ САНАТ АШИМЖАНҰЛЫН еске алуға арналған әскери
"Ұлағатты ұстаз" ФАЗИЛОВ САНАТ АШИМЖАНҰЛЫН еске алуға арналған әскери төртсайыстан өткен турнирінде Жетіжал орта мектебінің командасы жүлделі І орынды иеленді.Жетекшісі:Фазылов Қ.С. Шын жүректен құттықтаймыз  !!! @koksu_bilim
спорт ардагері Қани Қожахметұлы Әйпиевты еске алуға арналған Көксу ауданының біріншілігі
28
май
2022
спорт ардагері Қани Қожахметұлы Әйпиевты еске алуға арналған Көксу
Алматы облысы және Көксу ауданының "Құрметті азаматы", жеңіл атлетикадын КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, спорт ардагері Қани Қожахметұлы Әйпиевты еске алуға арналған Көксу ауданының біріншілігінде 2010-2011ж.т. арасында эстафета 4*100 метрге жүгіруде жүлделі І орынды Жетіжа орта мектебінің командасы жеңіп алды. Команда мүшелері: Нұрфейіс Ермек, Құдайберген Кәусар, Жақан Маржан, Түйешібай Ерсін. Жетекшісі: Тлеуов И.К.
Аймақтық семинар
28
май
2022
Аймақтық семинар
"Тәрбие жұмысында білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тиімді әдістер" тақырыбында өткен аймақтық семинарда Жетіжал орта мектебінің директоры Ә.Қ.Нұрғалиев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Жабел іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сертификатпен марапатталды.   
"Бастауыш білім беру: пәндерді оқыту өзектілігі" тақырыбы аясында өткізілген аудандық конференция
28
май
2022
"Бастауыш білім беру: пәндерді оқыту өзектілігі" тақырыбы аясында
"Бастауыш білім беру: пәндерді оқыту өзектілігі" тақырыбы аясында өткізілген аудандық конференцияда іс-тәжірибесімен бөлісіп, жүйелі жұмыстарын ұсынғаны үшін Жетіжал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Күшбаева Батима Идрисовна аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
"ӘР ГЕОГРАФ - ӨЛКЕТАНУШЫ" жобасы аясында "Өңір систематикасы" атты аудандық сырттай кітапша байқауы
28
май
2022
"ӘР ГЕОГРАФ - ӨЛКЕТАНУШЫ" жобасы аясында "Өңір систематикасы" атты
"ӘР ГЕОГРАФ - ӨЛКЕТАНУШЫ" жобасы аясында "Өңір систематикасы" атты аудандық сырттай кітапша байқауынан І орынды иеленгені үшін Жетіжал орта мектебінің география пәні мұғалімі ИЛИЯСОВА РАЙХАН АДАМБЕКҚЫЗЫ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!